Ислам Әбішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Былтыр ақпан айында бес жылға қамалған экс-шенеунік кесілген мерзімнің жартысын да өтеген жоқ.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.06.2021
Әбішевтің өтініші сотта екі рет қаралып, ақыры жаза шартты мерзімге ауыстырылған. Сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енді.
Ислам Әбішев 2019 жылдың 16-наурызында қамауға алынды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Солтүстік Қазақстандағы «Соколов» су құбырын жөндеп, Қызылжар ауданына су тарту бойынша әлдебір компанияға тендер ұтып берген. Сол үшін сыбайласы арқылы 60 миллион теңге ауызбастырық алдыртқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!