{metadescription}
Эпидахуалы ушығып тұрған өңірлер
Эпидахуалы ушығып тұрған өңірлер

Эпидахуалы ушығып тұрған өңірлер

Елімізде тек екі өңір «қызыл» деңгейде қалды. Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал әлі де ушығып тұр. Ал Ақмола облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа өтті.

Ақмола облысы екі ай бойы «қызыл» деңгейден шыға алмай, енді ғана індеттің таралуы  бәсеңдеген. Соның өзінде соңғы аптада 665 адам қауіпті дерт жұқтырған. Енді «сары» аймаққа ауысқанымен, екі аптаға дейін бұрынғы карантин шектеулері сол қалпында сақталады. Қазір «сары» деңгейде Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.  

Атырауда ертеңнен бастап мешіттерде жамағат жұма намазын оқиды. Облыстың бас санитары аурудың таралуы бір жарым есеге төмендегенін ескеріп, карантин талабын жеңілдетті. Енді қоғамдық тамақтану орындары меймандарын түнгі 12-ге дейін қабылдайды. Ал базарлар мен сауда нысандары түгел ашылды. Дегенмен кеселдің кесірінен кейбір шағын кәсіп иелерінің  қолы жіпсіз байланып отыр.

Гүлназ Ербатырова, Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары:

- Банкет залдары, боулинг, караоке сияқты мекемелердің қызметіне рұқсат етілмейді. Театрларда спектакль көрермендері 30 адамға, кинотеатрлар 20 пайыз көрерменге дейін рұқсат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде