{metadescription}
«Біз ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өттті
«Біз ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өттті

«Біз ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өттті

Қазақстан жастық жалыны мықты ел! Халқымыздың жартысын балалар мен жасөспірімдер құрайды. Елордада «Біз ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өткізілді. Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған шараға Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолдау көрсетті.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Қазақ елінің жарқын болашағы үшін жастарымыз терең ақылмен, қажыр-қайратпен тынбай еңбектенуі қажет. Бұл ретте сапалы білімді саналы тәрбиеге негіздеу өте маңызды. Отанымыздың кемел келешегі жастарымыздың рухани мұрамызды игеріп, төл тарихымызбен мақтануына, өз ұлтын шексіз сүйіп, өзге ұлттарды құрметтеуіне тікелей байланысты.

300 адамды қамтыған форумға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Түркия және Франциядағы жастар ұйымдарының өкілдері онлайн қатысты. Мемлекеттік хатшының айтуынша, халқымыздың 20 пайызы 14-29 аралығындағы жастар. Ал балалар мен жасөспірімдер халқымыздың жартысын құрайды.

Қазақстанды жастық жалыны мықты ел деуге толық негіз бар. Елімізде 547 жастар ұйымы жұмыс істейді. Жастар дамуының жаһандық индексінде Қазақстан 183 елдің ішінде 63 орында тұр. Форум аясында «Оупен спейс» үлгісінде панель сессиялар да ұйымдастырылып, соңында арнайы қарар қабылданды.

Әлкей Марғұлан, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Жаһанданудың игілігі мен өзіне берілген уақытты дұрыс пайдалана алмаған, өз жолын таба алмаған да жастар бар. Оны жоққа шығармаймыз. Бүгінгі форум отырысында сондай жастарымызды еңбек нарығына интеграциялау, өзінің өмір жолын табуға көмек беруге жақсы ұсыныстар айтылады деп жеке басым сенемін. Себебі: біздің ел үшін әр азаматтың тағдыры құнды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.