{metadescription}
Алматылықтар әлеуметтік қызметті бір жерден ала алады
Алматылықтар әлеуметтік қызметті бір жерден ала алады

Алматылықтар әлеуметтік қызметті бір жерден ала алады

Алматылықтар барлық әлеуметтік қызметтерді бір жерден ала алады. Мұндай мүмкіндік беретін орталық бүгін ашылды. Онда келушілерге 800-ге тарта маңызды қызмет түрі көрсетіледі.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Бұл идея 2019 жылы туындады. Бастапқыда мына ғимаратты не істеуге болады деп ойландық. Соңында әлеуметтік қызмет үйін ашамыз деген шешімге келдік. Бұл өте ыңғайлы. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандардың анықтама жинауы керек болса, түрлі мекемеге баруға мәжбүр. Оған бір апта уақыты кетеді. Ал, мұнда бәрі тез шешіледі.

Орталық қаланың қақ ортасындағы бес қабатты нысанда орналасқан. Мұнда тұрғын үй саясаты басқармасы, жұмыспен қамту орталығы,  азаматтарға арналған үкімет, көші-қон полициясы, зейнетақы қоры сынды мекемелер шоғырланған. Тұрғындар бір жерде барлық мәселесін шешіп кетеді. Уақыт үнемдейді. Әлеуметтік қызмет үйіне түрлі қиындыққа тап болған азаматтар келетіні ескеріліп, психолог пен заңгерге дейін қарастырылған.

Нағигүл Бейсембина, көпбалалы отбасылар одағының төрайымы:

- Келеді де, осы жерден талон алып күтеді. Жағдайдың бәрі жасалған. Бұл жерде қаладағы тұрғын-үй басқармасы болсын, «Атамекен»,  әлеуметтік көмек көрсетудің барлық түрі бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде