{metadescription}
Комқызмет төлемегендер кәріз жүйесінен ажыратылады – Алматы
Комқызмет төлемегендер кәріз жүйесінен ажыратылады – Алматы

Комқызмет төлемегендер кәріз жүйесінен ажыратылады – Алматы

Алматыда коммуналдық қызметтің ақысын төлемегендердің пәтерлері кәріз жүйесінен ажыратылып жатыр. Арнайы рейдке шыққан мамандар қарызы қордаланып қалған тұрғындарды осылай жазалауда.

Өйткені азын-аулақ ақшаны жылдап қайтармаған борышкерлер саны 7 мыңға жуықтаған. Ал олардың мекеме алдындағы жалпы берешегі 110 миллионға жетіп отыр. 

Кәріз құбырлар жүйесіне тұрғындардың әрқайсысы мың теңгеден бастап, 200 мыңға дейін қарыз. Осылайша жауаптылар соңғы бес айдың өзінде ақы төлеуден жалтарған 370-ке жуық пәтердің кәріз желісін бітеп кеткен. Бүгін  ескертуді  елемеген кей тұрғындар тағы да үйінен табылмады. Осылайша құрал-сайманын арқалаған мамандарға берешегі бар бірнеше үйдің кәрізін тығындауға тура келді. Мамандар шатырға шығып, арнайы құрылғының көмегімен сол баспанаға қосылған желіні бітеп тастайды. Енді олар қарызын қайтармайынша, жуынып-шайынып, дәретхана қолдана алмайды. Осындай шара қолдануға мәжбүр болған мамандар үй қожайындары қарызды өтемейінше, арнайы рейдті тоқтатпаймыз дейді.

Руслан Әбдібеков, «Алматы Су» МКК Суды пайдалану және кәріз қызметі бойынша реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Қарызды қайтаруға бізде бірнеше шара бар. Сотқа беру. Арнайы аппарат арқылы кәріз қызметін өшіру. Сонымен бізде бақылау әр үйді қызметі  бар, есерту береді. Сотқа дейінгі ескерту қағазын береді. Қазір Алматыда 6300 пәтер иелері біздің мекемеге борышты. Жалпы соммасы 83миллион.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде