{metadescription}
Ақтөбеде мүгедек балалар орталығына қаржы бөлу тоқтатылады
Ақтөбеде мүгедек балалар орталығына қаржы бөлу тоқтатылады

Ақтөбеде мүгедек балалар орталығына қаржы бөлу тоқтатылады

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған орталық жабылуы мүмкін. Жекенің меншігіндегі мекемеге әкімдік келесі жылдан бастап қаржы бөлу тоқтатылады. Себебі: жаңадан мемлекеттік оңалту орталығы ашылады. Ал ата-аналар баласын үйреніп қалған жерден алғысы жоқ.

Оңалту орталығының жабылатынын естіген ата-аналардан маза қашқан. «Өздігінен отырып-тұра алмайтын бөбектері енді қайда барады?» деп алаңдап жүр. Жекенің меншігіндегі орталық басшысы жарты жылдан соң жұмысты тоқтатамын деп хабарлаған.

Жұман Хантөрлиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Менің баламның ақыл-есі түгел емес, мысалы. Тамақ іше алмайды, өздігінен жүре алмайды. Бағатын адам керек. Мен баға алмаймын. Жапқан жағдайда апаратын орны бар ма? Маған көмектесе ала ма?

Ақтөбедегі жекеменшік «Жайна» деп аталатын орталықта мүмкіндігі шектеулі 100 бала емделіп жатыр. Олардың 23-і ата-анасынан айрылған жетім. Балалардың көбі сал ауруына шалдыққан, бұлшық еті әлсіз, ДЦП дертімен ауырады. Ал әрбірінің еміне мемлекеттен күніне 5 мың теңге бөлінеді. Ал әкімдік келесі жылы ақша аударуды тоқтатпақшы. Ол кезде орталықты жабамын дейді директоры.

Нұрила Қыдырбайқызы, орталық директоры:

- Жап десе, жобаны жабамын. Жұмыс істемеймін. Балалардың жайын үкімет шешетін шығар деп күтіп отырмыз. Кеше хат келді. Бірақ бұл ата-аналарды  ешкім ескертпеді.  

Шенеуніктер жекеменшік орталыққа келесі жылы қаржы бөлмейтінін  растады. Өйткені мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің келісімшарт уақыты аяқталады екен. Оған қоса бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында комуналдық мекеме жанынан филиал ашқанды жөн деп шешкен. Енді қарттар мен мүгедектер үйінің бос тұрған ғимаратын оңалту орталығына береді.

Бұлбұл Елеусінова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Арнайы ғимарат жасақталып жатыр. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен барлық жиһазы, құрал-жабдығы және еңбекақының көлемі де облыс бюджеті келесі жылға қаражат салып отыр. Келесі жылдан бастап «Жайна» оңалту орталығындағы балалар мемлекет қарауына алынады.

Шенеуніктер жекеменшік орталықтың қызметкерлері де жұмысыз қалмайды деп сендіріп отыр. Балалармен қоса «Жайнадағы» мамандарды да  мемлекеттік мекемеге қызметке алмақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде