{metadescription}
Бизнес субъектілерге «Ашық көшбасшысы» мәртебесі беріледі
Бизнес субъектілерге «Ашық көшбасшысы» мәртебесі беріледі

Бизнес субъектілерге «Ашық көшбасшысы» мәртебесі беріледі

«Ашық» қосымшасын қолданатын бизнес субъектілерге енді «Ашық көшбасшысы» мәртебесі беріледі. Бірақ бәріне бірдей емес. Егер аталмыш жобаға тіркелушілер саны екі аптада екі мыңнан асса, онда әкімдік жеңілдік қарастырады.

«Ашық көшбасшысы» мәртебесін алғандар «қызыл» аймақта болса да, «сары» аймақтың шартымен жұмыс істеуге рұқсат алады. «Жасыл» аймақта үздік танылғандарға зор мүмкіндіктер беріледі. Жұмыс уақыты қосымша екі сағатқа ұзартылып, адамдар санын 10 пайызға арттырады. Әзірге бастама  игілігін тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық орындар көре алады.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

- «Ашық көшбасшысы» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы екі апта. Осындай мәртебе берілген нысандардың тізімі әкімдік сайтында жарияланады. Қоғамдық тамақтану орындары, караоке, кинотеатрларға қосымшаға тіркелушілер  екі аптада 2 мыңнан асуы тиіс болса, СПА орталық, қонақ үй, бильярд клубтарына екі аптада мыңнан астам тіркелуші болса жеткілікті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде