Енді ешкім анықтама жинап сабылып жүрмейді
Жұмысқа тұру үшін анықтама жинап сабылудың қажеті жоқ. Енді жұмыс берушілер қажет ақпаратты Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан өзі алдыруы тиіс. Ол үшін тек телефоныңыздан смс-хабарлама арқылы «ok» десеңіз болғаны.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.06.2021
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, жұрт жұмысқа орналасқанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары сондай анықтаманы миллиондап беріп келеді. Ол – сотталмағанын, ақыл-есі дұрыс екенін немесе нашақорлар есебінде тұрмайтынын растайтын анықтама.
Министрлік жыл соңына дейін арнайы қызметті іске қоспақшы. Әзірге ол сынақтан өтіп жатыр. Жұмыс беруші жұмысқа тұрғысы келетін адамның мәлімет білгісі келсе, сол арқылы жеке идентификациялық нөмірін теріп мәлімет сұрата алады. Сөйтіп ол азаматтың телефонына келісімін сұраған смс келеді. Ол келісімін беріп, «ok» сөзін басса, министрлік жұмыс берушіге мәліметтер базасынан шығарып беріп отырады. «Енді ешкім анықтама жинап сабылып жүрмейді» - дейді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!