{metadescription}
Шымкентте қымбат нөмір сатудан түскен миллиондар қайда кетті?
Шымкентте қымбат нөмір сатудан түскен миллиондар қайда кетті?

Шымкентте қымбат нөмір сатудан түскен миллиондар қайда кетті?

Шымкентте көлікке VIP-нөмір сатып алу үшін делдалдардың көмегіне жүгіну керек. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы осындай былықтың кесірінен қымбат нөмір сатудан түскен 44 миллион теңгеден астам қаржы бюджетке бұйырмаған.

Кассаға төленген қаржының қайда кеткенін енді құзырлы орындар анықтап жатыр. Шымкентте қымбат нөмір алу қанша тұрады?

Мадияр Рашид көлігіне қымбат нөмір таққысы келетіндердің бірі. Шымкент тұрғыны осымен екінші мәрте VIP-нөмір алуға келіпті. Үш С әрпінен тұратын серияға осыдан үш жыл бұрын 130 мың теңге берген жігіт, бұл жолы әріптері бірдей серияға160 мың теңге төлеуге дайын. Оның айтуынша, VIP-нөмір алу үшін кассаға төлеген ақшадан бөлек, делдалдардың арбауына түсіп қалмауың керек екен.

Мадияр Рашид, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Делдал келеді де: «Брат, қандай номер шығарып берейін?» деп сұрайды. Мен бәрібір өз қалауыммен алғым келеді, ешкімге тиын бермей.  Мысалы, алдында маған 070OZO деген нөмір үшін үстінен 100 мың теңге сұрады, кассадан бөлек.

- Не үшін?

- Сөйтіп сатамыз деді. Бөлек сақтап қойған нөмірлері бар екен.

Осындай былықтың кесірінен бюджетке миллиондар түспей жатыр. Мәселен, салықшылардың кезекті тексеруінде 130 көлік иесінен бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынуы тиіс 123 миллион теңгенің бюджетке түспегені анықталған. Одан бөлек, кассада алынуы VIP-нөмірлердің ақшасы ұшты-күйлі жоқ. Қазынаға түсуі тиіс қыруар қаржының қайда кеткенін қымбат нөмірлерге құмар прокурорлар тексеретін болды.

Қуаныш Әлібеков, Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

- 123 номерге бюджетке ақша түспеген, 44 миллионнан астам. Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар анықталады. Ақша қайда кеткені тергеуде анықталады. Түбіртегі қолдан жасалған мәселесі бойынша ма, басқа да дерекпен кім кінәлі екенін тергеу арқылы баяндай аламыз.

Мемлекеттік нөмірлерді тіркеумен айналысатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Мекемеде түсіндірмек түгілі, жылы қабақ танытатын жан жоқ. Басшысы жиналыста, орынбасары демалыста екен. Мекемеде үшінші басшымын деген азамат ақшаның қайда кеткенін айта алмай ат-тонын ала қашты.

- Жоқ, мен сұқбат бермеймін. Маған сұқбат берілмесін деген. Бере алмаймын.

- Кім айтты берме деп?

- Мен сұқбат бермеймін.

Сатылып жатқан VIP-нөмірлердің миллиондары бюджетке түспей жатқанын Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті анықтағанымен, ол жақта да түсіндіретін ешкім болмады. Себебі: қазынаға жетуі тиіс мол қаржы жоғалды деп ақпарат таратқаны үшін өздері де жазаланып жатыр.  Алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғап тексеріп жатқан прокурорлардың жауабын күтуден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде