{metadescription}
Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты
Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты. «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, ағылшын-швед вакцинасы төңірегінде теріс ақпараттың көбейіп кетуіне байланысты келіссөз тоқтатылған.

Дегенмен Есқалиевтің сөзінше, шетелдік вакциналардың ішінде «Джонсон/Джонсон», «Модерна» және «Пфайзер» вакциналары бойынша өндірушілермен келіссөзд әлі жалғасып жатыр. «Дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторында одан өзге ақпарат жоқ», - дейді басқарма төрағасы. Бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы 4 түрлі вакцина қолданылып келеді.

  1. «Спутник V»
  2. QazVac
  3. Біріккен Араб Әмірліктерінде қытайлық «Синофарм» компаниясы жасаған «Хайат вакс»
  4. Қытайлық CoronaVac («Синовак» өнімі). 500 мың дозалық алғашқы партиясы жақында Алматыға жеткізілген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.