Шымкентте дүлей дауыл 10 минутта қаланың астаң-кестеңін шығарды
Шымкентте бар-жоғы он минутқа созылған дүлей дауыл қаланың астаң-кестеңін шығарды. Күшті желден үйлердің шатыры ұшып, көліктерді басып қалды. Электр желілері үзіліп, мыңдаған тұрғын жарықсыз отыр.
Автор: Бек Әбиев
07.06.2021
Жарықсыз қалған 600-ге тарта отбасының электр желілері әлі қалпына келтіріліп жатыр. Секундына 28 метр жылдамдықпен ұйытқыған күшті желден оннан астам көпқабатты және жер үйлердің шатыры ұшқан, сегіз көлік зақымданды. Қираған шарбақтар мен сынған ағаштарда есеп жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Дауылдан келген шығын көлемі әлі есептеліп жатыр. Ал күшейтілген режимге көшкен төтенше жағдайлар департаменті алдағы тәулікте тағы да дүлей дауыл болуы мүмкін деп ескертуде.
Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қаласы ТЖД бастығы:
- Шымкент ТЖД-на кеше ғана штаб құрылып тиісті жұмыстар атқарылды. Зардап шеккен, құлаған шатырлар бойынша департамент тарапынан 6 арнайы техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылып, Шымкенттің барлық коммуналдық шаруашылық мекеме қызметкерлері тиісті жұмыс атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!