Бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылды – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып жатыр. Тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан қой-ешкі тұра алмай қалған. Ветеринарлар төрт түлікке суық өтті деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.06.2021
- Міне, ауылдың ешкі-қойы. Жаңбырдың пайдасы. Қой деген қырылып қалды. Бір сыпырасын таратып жібердік.
Бұл видеоны Шалқар ауданындағы Шоқсу ауылының тұрғындары түсіріп алған. Шойын жол бойындағы ауыл мен 79-разъездің 100-ге жуық ұсақ малы бұрашақтан кейін пышаққа түсіпті. Өйткені жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген. Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады. Өйткені тұрғындар оларды ерте қырықтыққа салған. Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді дейді ветеринарлар.
Иса Базаров, Ақтөбе облысы ветеринария басқарамасы басшысының міндетін атқарушы:
- Малды, ұсақ малдарды қырыққаннан кейін жаулауға шығарған. Енді уақытында бауыздап, сойып үлгеріп, етін таратқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!