{metadescription}
Сарайшықтағылар археологтарға қарсы шықты – «Аруақты қорламасын!»
Сарайшықтағылар археологтарға қарсы шықты – «Аруақты қорламасын!»

Сарайшықтағылар археологтарға қарсы шықты – «Аруақты қорламасын!»

«Моланы қопарып аруақты қорламасын!» Атырау облысындағы Сарайшық ауылының тұрғындары археологтарға қарсы шықты. Себебі: көне Сарайшық қаласында қазба жұмысын жүргізіп жатқандар қорымдарды жергілікті жұртқа ескертпей басқа жерге көшіріп тастаған.

Құлпытастарды қопарып жан-жаққа тастай салған. «Бақилық болған болған ата-бабамыздың моласын таппай жер сипап қаламыз ба?» дейді тұрғындар.

Бір жыл бұрын ғалымдар «Қасым хан жерленген жерді таптық» деп, дәл осы тұстан қазба жұмысын бастаған. Көп уақыт өтпей Сарайшық ауылының ақсақалдары қорымды қопарып, айналасындағы бейіттерді бұзғандарға қарсылық білдірген. Алайда оған құлақ асатын тірі жан табылмапты. Амалы таусылған тұрғындар бүгін бас көтеруге мәжбүр болдық дейді.

Қатия Хайрулина, Сарайшық ауылының тұрғыны:

- Алсын! Үйден бір кісіні шақыртсын! Куә болуым керек. Қорғап келіп тұрмын. Мен куә болуым керек. Менің көзімше қазсын. Топырағын дұрыс орнына салсын. Қарап әрі қарай қаза ма? Аяқ баспайтын жерге нетсін. анда апарып жерлесін. Міне, сүйегін түгел әкеліп тұрмыз. Ал, осылай осылай деп.

Қазба жүргізіліп жатқан жер қазір қараусыз қалған. Айналаны кезіп, күзетшісін таппадық. Тұрғындар қазба жүріп жатқан аумақты емін-еркін шарлап жүр. Археологтардың құрал-сайманы да жайрап жатыр.

Алтай Құспанғалиев, Сарайшық ауылының тұрғыны:

- Қазып жатыр. Моланың үстіне төгіп жатыр. Мына жақтан қазып жатыр, мына жаққа апарып төгіп жатыр. Тәшкіні моланың үстімен айдап жатыр. Өлген кісілерге тыныштық сұрап жатырмыз. Объектілер шығып жатыр мынаның астынан. Тіпті ары қарай тоқтап қалып отыр. Одан басқа қаза беретін еді. Сұраған кезде «қарамаймыз, өзім білемін, республикаға қараймын» дейді.

Археологтар қазылған моланың топырағын қорымның іргесіне апарып үйіп төге берген. Тұрғындар оның арасында адамның сүйектері бар деп шошынып отыр.

Болашақта аспан асты мұражайына айналады деген нысанның сиқы осы. Жерде ұсақ сүйектер шашылып жатыр, адамдың сүйегі ме, әлде малдікі ме, оны айыра алмайсыз. Өйткені қазба жүргізіп жатқандар осы жерге кейін жерленген адамдардың сүйегін келесі қауымға мұқият көшірмеген дейді тұрғындар. Ал археологтар жұмысқа кедергі келтірген құлпытастарды құлатып, жан-жаққа лақтырып тастаған.

Жергілікті атқамінерлер мен көне қаланы зерттеуші мамандар халықтың рұқсатын алдық деп бет бақтырмады. Тіпті жерленген адамдардың  туыстарына түгел хабарластық деп ақталды. Алайда 20 сүйектің тек жетеуінің дерегі нақты болып шықты. 

Айбек Тұрарұлы, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени қорымының археологы:

- Аймақта 20 сүйекті көшірдік. Жеті адамның ағайыны табылды, қалғанының ағайындары табылмады. Оны көрші Құлмекен бейітіне жерледік. Бәрін қоршауымен. Құлпытастарымен кері апарып қойдық.

Ескі қорымдағы сүйектерді осы жерге әкеліп жерлеп жатыр. Бұл жерде адамның аты-жөні, не өлген, не туған жылы жазылмаған. Ал құлпытастағы цифрлар мен мәрмәр тастағы сандар мүлде сәйкес келмейді. Тіпті осы жерде жатқан адамдардың туысқандарын ескертпеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде