Удай мас жүргізуші көшеде үш адамды жайпап өтті
Жолаушыларды жайпап өтті! Алматыда араққа сылқия тойған жүргізуші аялдамада алаңсыз тұрған үш адамды қақты. Оның екеуі түрлі жарақатпен облыстық стационарға жеткізілсе, біреуінің жағдайы ауыр. Иығы сынып, миы шайқалған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
07.06.2021
Бауыржан Өтешов, Алматы қаласы № 7 ауруханасының дәрігері:
- Бет сүйегінің сол жақ, жақ сүйегінің ығысуымен, оң жақ бет сүйегінің ортаңғы жабық сынығымен келіп түсті. Ауыр жарақаттан есінен танған. Науқас бірінші тәулікте жансақтау бөліміне жатқызылды. Жан сақтау бөлімінде емін алып, қалыпты болғаннан соң жарақат бөліміне ауыстырылды.
Оқиға кешкі мезгілде Алматының шыға берісіндегі базардың маңында болды. «Ваз» көлігін тізгіндеген мас жүргізуші аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жәбірленушілерге жанұшыра жеткен адамдар басын сүйеп, қолдан келгенше көмектесуде. Полиция департаменті жүргізушінің алкогольдан бөлек, есірткі қолданғанын айтады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Есірткі затын қолданған және спирттік ішімдік ішкен жас жігіт бірден қамауға алынды. Өз әрекетіне баға бере алмады. ҚК 345-бабының екінші тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Қамауға алынып, сотын қамауда күтетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!