Карантин бұзып «Ашыққа» түскендер 87 500 теңге айыппұл төлейді
Карантин тәртібін бұзып «Ашыққа» түсіп қалған азаматтарға бұдан былай 87 500 теңге айыппұл салынады. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ережесі 10-маусымнан бастап қолданысқа енеді. Онда «қызыл» дәрежелі азаматтарға талап күшейтілді.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.06.2021
Айыппұл көлемі бұрынғыдай 30 айлық есептік көрсеткіш. Бірақ былтырдан бері оның көлемі сәл өсіп, қазір 83 мың емес, 87500 теңгеге барды. Айыппұлдың бұл түрі бұрын да болған. Бірақ бұған дейін алдымен ескерту жасалатын. Енді ескертусіз, анықталған жағдайда бірден айыппұл салынады.
Осы күнге дейін ел аралап қоғамдық орындарға барып жүрген 3500-ден астам «қызыл» дәрежелі азамат анықталған. Енді алдағы бейсенбіден бастап оларға дереу айыппұл салына бастайды. Ал «сары» дәрежелі азаматтар 14 күндік оқшаулану мерзімі бітпей, «Ашық» қолданбасы арқылы анықталған жағдайда оларға бірінші рет ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда айыппұл арқалайды.
Ержан Байтана, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:
- Бір күн, екі күннің көлемінде үйіне хат жіберіледі. Өздеріңіз білесіздер, «Сергекті», тура сол форматта. Қайталанған жағдайда өсуі де мүмкін. Ол мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!