Елімізде коронавирустың таралу қарқыны сәл бәсеңдеді
Елімізде коронавирстың таралу қарқыны сәл бәсеңдеді. Қазақстан әлем картасында «жасыл» аймаққа көшті. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы «қызыл» аймақта тұр. Алматы қаласы мен Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар өңірі «сары» аймаққа ойысты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
07.06.2021
Қауіпті кеселдің қарқыны қайтты дегенімен, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша көш басында. Бас қалада бір тәулікте 120 адамнан індет анықталса, кеншілер өңірінің 171 тұрғыны короновирусқа шалдыққан. Сол себепті екі өңір «қызыл» аймақтан шыға алмай тұр. Дегенмен эпидемиологтар бұның өзіне шүкір дейді.
Айгүл Шатекова, Қарағанды облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің ресми өкілі:
- 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 2380. Оның ішінде белгісі бар сырқаттар 65,8 пайыз. Белгісі жоқтар 34,2 пайыз. Өткен аптамен салыстырғанда короновирус инфекциясымен сырқаттану 1,5 есеге төмендеді.
Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары «сары» аймақта. Бұл тізімде Алматы қаласы да бар. Оңтүстік астананың бас мемлекттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз екенін мойындады. Бір күнде 143 адамнан кесел анықталған. Бірақ бұл көрсеткіш бұрынғымен салыстырғанда төмен.
Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы:
- Біріншіден, вакциналау жұмыстарына рақмет айтуымыз керек. Қалада 316 мыңнан астам тұрғын екпе алды. Бұл қала тұрғындарымен салыстырсақ 16 пайыз. Бес пайызы ауырып шыққандар.
Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары «жасыл» аймақта. Шығыс Қазақстан өңірі де осы тізімге ойысқан. Жағдайдың тұрақталуына байланысты мұнда карантин шектеулері тағы жеңілдетілді.
Гүлмария Сейтбатталова, Семей қаласы санитария-эпедемиология бақылау басқармасының маманы:
- Шаһарға өзге жақтардан цирк келуіне рұқсат берілді. Бірақ «Ашық» жобасына қосылғандарға ғана. Оларға жүктелетін міндет санитарлық талап сақтау. Қазір, Өскемен, Семей және Аягөз қалалары «сары» аймақта тұр. Ал облыс «жасыл» аймақта.
Елімізде соңғы тәулікте 989 адамнан вирус анықталып, 19 адам көз жұмған. Қазақстанда күні-бүгінге дейін 395 мыңнан аса адам қауіпті індетке шалдықан. Оның 4 мыңнан астамы бақилық болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!