{metadescription}
Ралли Қазақстанның әлемде жоқ ерекшелігі қандай?  
Ралли Қазақстанның әлемде жоқ ерекшелігі қандай?  

Ралли Қазақстанның әлемде жоқ ерекшелігі қандай?  

Ақтауда автошабандоздардың дүниежүзілік жарысы басталды. «Ралли Қазақстанның» биылғы ерекшелігі – жол талғамайтын көліктермен қатар, мотоцикл мінгендер де бағын сынайды.  Дүбірлі дода Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Жарысқа қатысушылар құрамы осал емес. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген кіл мықтылар көлігін тексеруден өткізіп, сайысқа сақадай-сай. Жалпы жолдың ұзындығы 2 мың шақырым. Алдағы бес күн бойы 40-қа жуық жол талғамайтын көлік пен 18 мотоспортшы құм, тау мен тас, сор мен жолсыз далада бағын сынайды. Спортшылар Бозжыра, Қарақия, Үстірт алқабынан да өтеді. Ел намысын қазақстандық спортшылардан құралған бес команда қорғайды. Автошабондоздардың дені АҚШ, Аргентина, Германия, Өзбекстан, Испания, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі, Австралия, Гватемала, Ботсвана және Ресейден келген.

Айгүл Ақсамбиева, ұйымдастыру алқасының мүшесі:

- «Ралли Қазақстанға» қызығушылық өте үлкен. Себебі, бізде арабтардіндей тек құм емес, басқа жердегідей тек тас емес. Бұл жерде, мысалы, бір арнайы учаскеге шыққан кезде 300-400 шақырымында тасы да, құмы да, тауы да, суы да бар. Керемет, ең «мен» деген спортшылардың өзі көптеген қате жіберіп жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде