{metadescription}
Ақтөбе облысында зиянкестерді құрту мәселесі шешілді
Ақтөбе облысында зиянкестерді құрту мәселесі шешілді

Ақтөбе облысында зиянкестерді құрту мәселесі шешілді

Ақтөбе облысында ағаш жапырағын жаппай отап жатқан зиянкестерді улап жатыр. Ол үшін ұшақ жалдамай-ақ, жергілікті дезинфекция мекемесінің көмегіне жүгініпті.

Осыдан бір апта бұрын орманшылар Қарғалы мен Мәртөк ауданындағы тоғайларды жұлдыз құрт жеп жатқанын байқаған. Зиянкес әсіресе көктерекке өш. Айналдырған жарты сағатта бір ағаштың жапырағын құртып үлгереді. Кейін көбелекке айналатын құрт мың жарымға жуық дернәсіл ұялап тастайды. Мамандар зиянкестің сол кезде аптап ыстық пен қуаңшылықтың кесірінен көбейгенін айтты. Алғашқыда республикалық қазынадан ақша сұрамақ болған. Кейін облыс бюджетінен қаржы қарастырылып, химиялық қоспаны себуге 3 миллион теңге бөлген. 

Марат Оспанов, Ақтөбе облысы орман шаруашылығының директоры:

- Шұғыл мерзімде ақшалай көмек келді. Біз медициналық дезинфекция мекемесімен бірлесіп аталмыш жұмысты бір күнде бітірдік. Бүгін, ертең тағы қараймыз. Шығып жатса хабар беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.