120 млн жымқырған шенеунік бір жарым жылға сотталды
Бюджеттің 120 милллион теңгесін жымқырды деп айыпталған Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары оңай құтылды. Жақсылық Шалабековке сот бір жарым жыл кессе, сыбайласы кәсіпкер Ермек Қасенов 5 жыл шартты жаза алды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
08.06.2021
Тергеу мәліметі бойынша, экс-шенеунік баспана салуы тиіс құрылыс компаниясына жұмысты бастамаса да, бюджеттен 120 миллион теңге бөлгізген. Прокуратура күдіктілер қылмысты алдын алдын ала сөз байласып жасаған деп пайымдаған. Алайда оны сотта дәлелдей алмапты. Сондықтан оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген баппен айып тағылып үкім шықты. Бәріне кінәлі кәсіпкер екен. Ол атқамінердің аңғалдығын пайдаланып бюджеттен ақша бөлдіріп алған. Қасенов аляқтық бабымен сотталды. Оның өзінде қолды қылған миллиондарды қайтарған соң ғана бес жыл шартты жаза алды. Ал тоғыз ай қамауда отырған Шалабековтің абақтыдағы әр күні екіге көбейеді. Сондықтан экс-шенеунік жақын күндері бостандыққа шығып қалуы ықтимал.
Саян Аққожин, судья:
- Аталған баппен жазаның түрі екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. Шығынның өтелгені және кәмелетке толмаған балалары ескеріліп, бір жарым жыл кесілді. Алдын ала сөз байласып, мемлекет мүлкін қолды қылды деген айып дәлелін таппады. Ермек Қасенов те мемлекетке кетірген шығынды өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!