{metadescription}
Елордада элита үйдің тұрғындары "хостелден" зәресі ұшып отыр
Елордада элита үйдің тұрғындары "хостелден" зәресі ұшып отыр

Елордада элита үйдің тұрғындары "хостелден" зәресі ұшып отыр

Байлардың базынасы! Елорданың қақ төрінде, «Нұрлы жол» гүлзарының бойында орналасқан элиталық үйдің тұрғындары хостелден көресіні көріп отыр. Бір кездері талайдың таңдайын қақтырған қымбат үйдің пәтерлері қазір хостелге айналып берекесі қашқан. Түнімен тыныш ұйқы көрмей, күндіз балаларын аулаға шығаруға қорқып қалған. Бұл үйдің үстіндегі жағдай. Ал астында орналасқан көлік жуу орны үйдің іргетасын шірітіп жатыр дейді тұрғындар. Байлар тұратын үйдің бүгінгі жағдайын тілшіміз көріп келді.

«Водно-зеленый бульвар» тұрғын үй кешені елорданың нақ төрінде орналасқан. Есілдің сол жағасында санаулы элита санатына жататын, қаланың бетке ұстар көркем ғимараттарының бірі. Дүкен, мейрамхана сынды бизнес нысандарын былай қойғанда, «Нұр Отан» партиясының бас кеңсесінің осында орналасуы да дәрежесін айғақтай түседі. Бірақ сырты қаншалық көз тартып тұрса, ішіне соншалық сыр бүккен. Өйткені үй тұрғындары осындағы екі пәтерге қатты шүйлігіп отыр. Айтуларынша, адам қаптап жүретін хостелге айналып кеткен.

Мұхан Раисов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Немерелерімізді шығармаймыз, қорқамыз. Себебі: күні-түні арақ ішіп алып жүреді. Бір бөлмеде 10-15 адам жатады. Бір-бірін танымайды. Бүгін біреу жатса, ертең біреу. Сондықтан үйдің қожайынына іс қолдану керек. Жапсын бұл хостелді.

Тұрғындар бұл суреттерді хостел есігінің маңайынан бірер күн бұрын түсіріп алған. Темекі қалдықтарынан бөлек, қоқыстар нашақорлардан қалған деген күдігі басым. Ал ол пәтердегілер жай адам тұрмақ, полиция қызметкерінің өзіне есік ашпайды.

Заң бойынша пәтерді хостелге айналдыруға тыйым салынған. Бірақ бөлмедегі қабат-қабат төсектер бұл жердің жәй пәтер емес екенін айғақтап тұр. Қаптаған аяқ киім мен сырт киім де біраз жайдан хабар береді. Тұрғындарының да бір-бірін танитынына күмән көп. Бір кездегі элита дәрежелі үйдің үсті осындай болса, астының да оңып тұрғаны шамалы. Тұрғындар көлік жуу орнымен 10 жылдан бері алысып келеді.

Бурылхан Асанбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Санитарлық талапқа мүлдем сай келмейді. Техникалық қауіпсіздігін былай қойғанда, өрт қауіпсіздігі де сақталмаған. Күндегі уайымымыз осы. Әу бастан үй салынғанда құрылыс жоспарында көлік жуу орны болмаған. Бұлардың қайдан пайда болғаны белгісіз.

Тұрғындардың көлігін қоятын тұрағы қазір кіресілі-шығасылы көлікке толы. Тоқтаусыз жұмыс істеп жатқандықтан қабырғасы сыз тартып, төбесі әлдеқашан көгеріп кеткен. Төбесі дегені, тұрғындардың аяқ астындағы едені.

Жасыл түк осындағы ылғалдың әсері. Бұл жерді бокс деп атайды. Тура осындай алты бокс жұмыс істейді. Күн сайын мұнда 10 шақты қызметкер шамамен 60-70 көлікті жуып шығады.

Талай жыл бас ауруына айналғандықтан, тұрғындар да бұл жердің қыр-сырын жаттап алған. Айтуларынша, сыздан қорғағыш гидроизоляция жүйесі жоқ. Сүзгіден өтпейтін кір су үйдің астында жиналып жатыр. Ол үйдің іргетасын шірітіп барады.

Осында жұмыс істейтін көлік жуушылар да үйдің астында тұрып жатқанын жасырмайды. Қуықтай екі бөлмелі жертөле санитарлық талапқа мүлдем сай келмесе де, олардың ас ішіп түнейтін жеріне айналған.

Бұл жер мүлде жабылсын деген тұрғындардың тілегі орындалуы неғайбыл. Өйткені көлік жуу орнының иесі бүкіл құжатын заңдастырып алған. Дегенмен тазалығының сын көтермейтінін өзі де мойындайды.

Мирас Оралханов, көлік жуу орнының иесі:

- Бірінші, желдеткіш. Екінші, бокстардың іші түгел ауыстырылады. Барлығын элиталы қыламыз. Тамақ ішетін жерін істеп береміз. Өйткені жұмыс істеп жатып кафе, ресторандарға бара алмайды. Сол үшін осы жерде бәрін істеп, осы жерде тамағын ішеді.

Мамандардың айтуынша, хостел ашатындар бос тұрған бөлек ғимарат алуы тиіс. Жалпыға ортақ мүлікті пайдаланатын болса, тұрғындардың кем дегенде үштен екісінің келісімі керек. Бірақ аталған екі пәтердің иесі оны «хостел» деп мойындағысы келмесе, көлік жуу орнының иесі құжаттарын заңдастырып алғандықтан, бұл жерден кеткісі жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде