{metadescription}
Елордада емтихан кезінде оқушылардың көзі кварцтан күйіп қалған
Елордада емтихан кезінде оқушылардың көзі кварцтан күйіп қалған

Елордада емтихан кезінде оқушылардың көзі кварцтан күйіп қалған

Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде кварцтың кесірінен оқушылардың көзі күйіп қалды. Қызметкерлер залалсыздандыру шамын сөндіруді ұмытып кеткен. Ал оқушылар бір жарым сағатқа жалғасқан мемлекеттік емтиханды сол зиянды шамның астында тапсырған. Төрт бала қазір дәрігерлердің бақылауында.

Джавад Гусейнов, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Мемлекеттік тестілеу аяқталысымен олар ештеңе сезбеген. Тек үйіне оралғанда көзі ауырып, кварцтан күйік шалғанын аңғарған. Әрқайсысы әр түрлі деңгейде зардап шеккен. Бүгін кезекті пәннен емтихан тапсыруы керек еді, бірақ барлығын үйіне қайтарды. Көзі қызарып, қалжырағандарын аңғардық. Меніңше, осы апта бойы ем қабылдап, барлық емтихан кейінге шегеріледі.

Кварцтың кесірінен күйік шалған оқушылар жайлы ақпарат әлеметтік желілерде тараған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен оқушылар қаладағы балалар ауруханасына жеткізілген. Тексергенде белгілі болғаны: жеңіл деңгейде көз алмасы зақымдалған. Аталмыш оқиғадан соң барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде кварц шамын тұтынуға қатысты қосымша нұсқау жүргізіліп жатыр. Айыптылар анықталған соң, міндетті түрде салғырттығы үшін сазайын тартады деп отыр мектеп басшылығы. 

Біржан Сәдуақасов, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

Ата-аналар, оқушылар тарапынан медицицналық тарапта жұмсалған қаражат қажет болған жағдайда дербес білім беру ұйымынан бар қаражат  қайтарылады. Адам тарапынан кеткен қателік деп қарастырамыз. Қазір бізде қызметтік жұмыс істелініп, тексеру жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде