{metadescription}
Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден секіріп кірді
Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден секіріп кірді

Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден секіріп кірді

Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден кірді. Себебі: 2007  жылы жұмыс бабымен қоныс аударып келген 81 отбасы далада қалдық деп отыр. «Қазақстан темір жолы» компаниясы оларға үй салуға жер берген. Бірақ жер телімі қызыл сызықта орналасқан екен.

Енді үйінің тіркеуі жоқ тұрғындар не ауруханаға бара алмайды, не баспанасын заңдастыра алмай жүр. Тіпті рұқсат етілмеген жерде салынған үйлерге су, жол мен газ да жүргізілмейді. Кезекті рет мұңын айтып келгендерді басшылар кабинетіне кіргізбеуге тырысқан, бірақ ашулы топ терезеден секіріп кірді. 

Сарыағаш ауданындағы Алғабас теміржол стансасының бір топ теміржолшысы бүгін Шымкенттегі кеңсеге келді. 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясы Шеңгелді станциясынан 385 отбасын 40 шақырым жердегі Алғабасқа көшіріпті. Бәріне 10 сотықтан жер бөлгенімен, 81 учаске қызыл сызық үстіне түскен. Басшылар «шешіп береміз» деген соң үй салғандар содан бері сандалып жүр.

Нұржамал Тәшімбетова, теміржолшы:

- «Сіздерге үш жылдың ішінде газ, су, мектеп салып береміз, осы жерден жер беріп жатырмыз, өтініш, барлық теміржолшылар, көшіңіздер» деді. Олардың сөзіне сеніп, өкіметтің сөзіне сеніп көшіп келдік. Үй-жайды тастап, бала-шағаны алып келдік.

Қызыл сызық үстіне жаппай үй салғанымен, тіркеусіз қалған 81 отбасы қазір үлкен ауылға айналған. Бірақ үй құжаты болмаған соң ешқайда есепте жоқ. Билік заңсыз тұрып жатырсыңдар, деп, не су, не жол жүргізбейді. Тіпті осының кесірінен әлеуметтік жәрдемақыдан да қағылыпты. Тұрғындар түгел ақша беріп жан-жақта тіркеуде тұр.

Жансая Қырғызбек, көпбалалы ана:

- Тіркеуге тұру үшін есептеңіз, төрт балаға 40 мың кетеді, өзім бар, күйеуім бар. Жетпейді ғой енді, су құйдырасың, анау-мынау істейсің. Соның шешімі болу үшін құжаттарымызды шығарып, базасына мемактімізді енгізіп берсін.

Шымкентте отыратын басшыларына балаларын жетектеп жүз шақырым жерден жеткен әйелдерді ішкі кіргізбей қойды. Тіпті есікті кілттеп алған. Бірақ олардың әрекеті онсыз да наразы топтың ашуын туғызды.  

- Бізді көре сала есігін құлыптап «індеріне» кіріп кеткендерін қара.

- Жараспайды ғой теміржол әкімдігіне.

- Ей, алдыңа біз Сарыағаш ауданынан келіп отырмыз. Көршің емеспіз, аш есікті!

Бірақ терезеден сығалағандар есікті ашқан жоқ. Ашуға булыққан топ есікті қойып терезеден кірді.

Әйелдердің кетпейтінін түсінген басшылық амалсыз шықты. Қаумалап мәселесін жаудырған топқа жөнді жауап бере алмады. Мәселені біресе «білеміз», біресе «білмейміз» дегендер жердің шешімін шығарып берген Сарыағаш әкімі «басын ауыртсын» дейді.

Ерғали Жансейітов, ҚТЖ Шымкент филиалы заң бөлімінің басшысы:

- Былық әкімдіктен.

- Сіздердің қатысыңыз жоқ па?

- Жоқ.

- Бірақ жерді әу баста бастап, шақыртқан сіздер ғой.

- Иә, иә, иә. ҚТЖ сол берген құжаттарын да тексеру керек. Қандай негізде кенін. Қазір құжаттарын, рұқсат құжатын талап етеміз.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржолшылардың 14 жылдан бері айтып келе жатқан шағымын енді зерттемек. «Керек болса жерге шешім шығарып берген әкімдікті сотқа береміз» деген олар әйелдерді сабырға шақырып әзер қайтарды. «Қажет болса терезеден де тайынбаймыз» деген теміржолшылар мәселе шешілмесе, ұл-қызын жетектеп темір жолмен Елордаға бармақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде