Қызын құтқармақ болған әйел өзенге батып кетті – Ақмола облысы
Ақмола облысында баласын құтқармақ болған әйел Нұра өзеніне батып кетті. Он жастағы қызы бұтаққа жармасып аман қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
09.06.2021
43 жастағы әйел Отаутүскен ауылының маңына өзеннен балық аулауға барған. Өзімен 10 жасар қызын да ерте келіпті. Жағалауда ойнап жүріген қызы суға түскісі келетінін айтып рұқсат сұраған. Алайда ағыс күшейіп, жеткіншек көмек сұрап айғайлаған. Әйел қызын құтқаруға тұра ұмтылған. Бірақ өзен екеуін отыз метрге дейін ағызып әкеткен. Сол сәтте қыз тал қарманып аман қалыпты, ал анасы үлгермеген. Нұра өзеніне батып кеткен әйелдің денесін сүңгуірлер тек кешқұрымда бір-ақ тапты.
Қанат Доспаев, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Нұра өзеніне жақын жерде фермада болған соң демалып, балық аулауға келсе керек. Бұл өзеннің суына жағалаудан екі метр өткен соң жеті метрге дейін терең. Осындай қауіпті жерге түсіп кеткен. Он жасар қыз қазір ауруханада, жағдайы орташа. Оны судан ферма жұмысшысы алып шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!