Елімізде КВИ мың адамнан анықталды
Өткен тәулікте елімізде КВИ мың адамнан анықталды. Кейінгі күндері ауру жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі Қазақстанды «жасыл» аймаққа кіргізген. Қазір елімізде «қызыл» аймақта тек Нұр Сұлтан қаласы қалды. Елордамен кеше қатар тұрған Қарағанды облысы бүгін «сары» аймаққа ауысты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
09.06.2021
Қарағанды облысында «сары» аймақтың тәртібі бірден енгізілмейді. Санитар дәрігерлер осы көрсеткіш жеті күн сақталған жағдайда ғана аяқты кеңге салуға рұқсат береді.
Осылайша қазір «қызыл» аймақта тек Елорда қалды.
«Сары» аймақта Алматы қаласы мен Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда және Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймаққа жайғасқан. Соңғысында кеше қауіпті кесел тек 11 адамнан анықталды. Жалпы бүгінге дейін 396 мыңнан аса адам ауырып, оның 380 мыңға жуығы жазылып шыққан.
Айгүл Шәтекова Қарағанды облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің ресми өкілі:
- Қарағанды облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа көшті. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының жұқтырудың 142 жаңа жағдайы тіркелген. Биылғы 8 маусымдағы жағдай: облыста КВИ 34 мың 207 жағдайы тіркелді. Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 1,5 төмендеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!