{metadescription}
Қымбаттаған азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін тағы қазынаға қол салады
Қымбаттаған азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін тағы қазынаға қол салады

Қымбаттаған азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін тағы қазынаға қол салады

Үкімет қымбаттап жатқан азық-түліктің бағасын ұстап тұру үшін тағы да қазына қаржысына қол салмақ. Өндіріс көлемін ұлғайтудың орнына шенеуніктер бюджет шығынын арттырғалы отыр.

Бұған дейін күнделікті тұтынатын өнімдер құнының тұрақтандыруға жергілікті бюджеттен несие түрінде 33 миллиард теңге бөлінген еді.  

Жыл басталғалы дүкен сөрелеріндегі барлық азық-түлік қымбаттады. Тек сырттан әкелінетін тауарлар ғана емес, маусымдық көкөністер мен жемістердің құны қазір тура мағынасында аспандап тұр.

Мәселен, халық көп тұтынатын картоптың бағасы елдің кей аймақтарында 500 теңгеге жеткен. Азық-түліктің бұл жолғы қымбаттауына шенеуніктер пандемияны кінәлайды. Өйткені әлеуметтік маңызы бар тауар құнының өсуі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалып отыр екен. Сондықтан Үкімет бағаны тұрақтандыруға енді арнайы қорларды толықтырып, субсидия көлемін ұлғайтады.  

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Қаражатты 50 миллиард теңгеге дейін көтеру тапсырылды. Сонымен бірге монополияға қарсы шаралар іске асырылуда. Шектеу бағалары енгізіліп, меморандумдар жасалып жатыр. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін біз арнайы 24 көтерме тарату орталығын салуды жоспарлап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде