{metadescription}
Шопан «Ралли Қазақстан» жолын жауып тастады
Шопан «Ралли Қазақстан» жолын жауып тастады

Шопан «Ралли Қазақстан» жолын жауып тастады

Маңғыстаулық шопан «Ралли Қазақстан» жарысына қатысып жатқан автошабандоздардың жолын жауып тастады. Себебі: жоғары жылдамдықпен жүйткіген көліктер жайылымда жүрген малды үркітеді дейді. «Ешкім өтпесін» деп, жолға көлігін көлденең қойып тастаған. 

Ралли жарысындағы күтпеген оқиға Қарақия ауданының маңында болған. Қой бағып жүрген шопан жайылымда жүрген төрт түлікті үркітпес үшін автошабандоздардың жолына өзінің «Нива» көлігін қойып жолды бөгеп тастаған. Көлігін алуды бұйырған полицейлермен де сөзге келіп қалыпты. Бірақ қойшы көп күттірмей көлігін жол шетіне шығарды.

Маңғыстау жерінде өтіп жатқан әлемдік дода бұдан да басқа оқиғаларға толы. Мәселен, жарыс жолында квадроцикл апатқа ұшырап, спортшының бұғанасы мен қабырғасы сынған. Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген азаматқа шұғыл ота жасалды. Ал бір көлік  өртеніп кеткен.

Кирилл Шубин, автошабандоз:

- Жанармай құятын жерде көліктің қозғалтқышына бензин  төгіліп кетіп өртеніп кетті. Адамдар дін аман. Өртті сөндірдік. Ол көлікте отырған екі спортшымыз жарысты басқа көлікпен жалғастырды. Қазір барлығы жақсы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде