Мәдениет үйіне найзағай түсіп өртеніп кетті – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында мәдениет үйі өртеніп кетті. Қотыртас ауылындағы бір қабатты ғимаратқа найзағай түскен.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.06.2021
- Көмек қолын созсаңдар. Не масқара болды, ойбай-ай! Жаңбырдан кейін болып тұр. Ең болмағанда, жаңбыр жауғанда басылар еді. Найзағай түскен!
Шалқар ауданындағы Қотыртас ауылында нөсер жауып найзағай ойнайды. Ауылдағы Мәдениет үйінің төбесіне сол кезде жай түсіп от тұтанған. Тұрғындар өртті өз күшімен сөндірмекші болағанымен, ескі ғимараттың шатырындағы ағаш жабынды шырпыша жанып бой бермеген. Ғимарат ішіндегі дүниеден тек бірер стөл мен орындықты ғана сыртқа шығарып үлгеріпті. Жапсарлас салынған ауыл әкімдігінің ғимараты өрттен аман қалды. Өрт сөндірушілер жалынның жолын бөгеп қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!