{metadescription}
Азық-түлік дүңгіршегінің кіреберісінде тоқ соғып өлді – Қарағанды
Азық-түлік дүңгіршегінің кіреберісінде тоқ соғып өлді – Қарағанды

Азық-түлік дүңгіршегінің кіреберісінде тоқ соғып өлді – Қарағанды

Қарағандыда 32 жастағы жігіттің қазасына кінәлілер іздестіріліп жатыр. Ұлан Шәйкенов азық түлік дүңгіршегіне кіре бергенде тоқ ұрып жан тапсырған. Бүгін марқұмның жақындары дүңгіршектің маңына жиналып кінәлілердің жазалануын талап етті.

Айтуыларынша электр тоғы осы маңдағы жол құрылысына байланысты жер бетіне шығып жатқан сымдардан тараған. Өйткені бірер күн бұрын ғана  дүңгіршектің маңында тағы бір әйел ес-түссіз құлап бақилық болған көрінеді. Ал қала билігі ашық-шашық жатқан сымдарда «электр қуаты болмаған» дейді.

Оқиға 9-маусымда дүңгіршектің алдында болған. Жабдықтаушы болып істейтін Ұлан Шәйкенов дүңгіршекке тауар алуға кіріп бара жатқанда жалп етіп құлаған. Қасындағы серігі тайып жығылды ма деп таяу келіп қараса, жігіттің өліммен арпалысып жатқанын көріпті.

Андрей Савельев куәгер:  

- Міне, кіреберісте болды. Баспалдаққа көтеріле бергені сол еді, дір етті де, шалқасынан түсті. Оқ тигендей құлады. Аузынан көбік ағып дірілдеп, тырайып жатты да қалды. Мойны күп боп ісіп кетті. 

Денесі бір сәтте қарайып кеткен Ұланға медициналық жедел жәрдем көмектесе алмаған. Куәгерлер оны тоқ соққанын бір ауыздан айтқан.  Алайда қала әкімдігі бүгін таң ата Ұлан Шәйкенов денсаулығындағы ақауы сыр бергенін, өлімнің тоқ соғуға қатысы жоғын айтып ақталды. Марқұмның жақындарын ашындырған да осы жайт болды.   

Шолпан Сатыбалды марқұмның әпкесі:

- Неліктен қараяды, айтыңыздаршы, жүректен қарайып кетпейді. Ол тоқ соққаннан қараяды. Жауап берсін, не сұмдық мынау! Енді неше адам өлу керек?!  Халық куә! Әжелер де айтты, бізді де мына жерде тоқ соғады деп. Кеше жауын жауды, күн күркіреп тұрды. Ана бала экспедитор, Ұлан деген бала, 32-ақ жаста. Бір айдан кейін 33-ке толатын еді.

Жиналғандардың айтуынша тоқтың жайылуы жол жөндеушілердің кінәсі. Қазып кеткен жерде электр сымы әр жерден бір көрінеді. Дегенмен шенеуніктер ол желілерде тоқ болмаған, бәрін сот-медицина сараптамасы анықтайды деп отырғанда, сараптаманың қорытындысы да шығып үлгерді.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өлімі тоқ соққаннан болғаны анықталды.  6-маусымда сол ауданнан 36 жастағы азаматтың денесі табылды. Сот сараптама қорытындысы ол азаматтың өлімі жүрек ауыруынан екенін анықтады. Сондықтан да ол азаматтың өлімі де тоқ соғудан болды деген қауесет жоққа шығарылады.

Дүңгіршектер тұрған жер Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі. Шенеуніктердің шыр-пыр болғаны да сол сияқты. Жас жігітті ұрған тоқ дүңгіршектерге қасындағы үйден қалай болса солай жалғанған сымдардан тарауы мүмкін. Корпорациядағылар ішкі тексеріс жүргіземіз дейді. Марқұмның артында жары мен шиеттей екі баласы қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде