{metadescription}
Маңғыстау саябағында қабылан неден және қалай өлді?
Маңғыстау саябағында қабылан неден және қалай өлді?

Маңғыстау саябағында қабылан неден және қалай өлді?

Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркінің аумағында табылған қабылан жемтікке таласып мертігіп өлуі мүмкін. Қызыл кітапқа енген жыртқыштың өлексесін қазір тиісті мамандар тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желіде таралған видео Маңғыстау облысында түсірілген. Онда Қызыл кітапқа енген қабылан түз далада арам қатқан. Осыдан алты жыл бұрын да Жаңаөзенде мысық тұқымдас жыртқыштың бірі тұрғындардың кесірінен көз жұмған. Мамандардың айтуынша, ерекше қорғалатын Азия ала барысы Қазақстанға Әзербайжаннан келген. Тіпті елдегі жалғыз қабылан болуы да мүмкін екен. Енді осы сирек кездесетін  жыртқыштың неден және қалай өлгені анықталып жатыр. 

Аян Мейраш, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Алдағы уақытта тексеріс жүргізіледі. Қорытындысын, мерт болу себебін толық айтатын боламыз. Азия алабарысын біз осы жылы Үкімет қаулысымен ҚР Қызыл кітабына енгізгенбіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде