{metadescription}
Тұрақтандыру қорларындағы көкөніс таусылудың алдында тұр
Тұрақтандыру қорларындағы көкөніс таусылудың алдында тұр

Тұрақтандыру қорларындағы көкөніс таусылудың алдында тұр

Елдегі тұрақтандыру қорларында көкөністер таусылуға шақ тұр. Баға содан өсіп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті шара қолданбайынша, әкімдіктер де бағаны ұстап тұра алмаған. Елде көкөніс қымбатшылығы белең алған шақта министрліктер бір-бірін кінәлауға шықты.

Сауда министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, елде картоп артығымен өндірілгенімен, жартысы ғана саудаға шығарылған. Оның өзінде 360 мың тоннасы экспортқа кетіпті. Сайып келгенде өзімізге жетпей, енді қайтадан шетелдің 3 есе қымбат картобын жеп отырмыз. Бұл картоптың жайы ғана. Басқа тағы не қымбаттап жатыр? Үкіметтегі жиыннан тілшіміз Ербол Тұрымбет толығырақ.

Елімізде жылына 4 миллион тоннадан астам картоп өндірілсе де оның 2 миллион тоннасы ғана саудаға шығарылады. Қалғанын жұрт жеке шаруашылығында өсіріп, өзіне тұтынады. Оның өзінде 360 мың тоннасы экспортқа кетеді екен. Биылдың өзінде отандық шаруалар 69 мың тоннасын шетелге сатып үлгерген.

Сайып келгенде, бағаны өсіретін осы жағдайлар дейді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Соның кесірінен елдегі картоп қоры 3 есе азайып кеткен. Ал дүкендерде картоп қалмай барады. Оның орнын толтыру үшін өзіміз қайтадан шетелден, әсіресе Иран мен Пәкістаннан өзіміздікінен 3 есе қымбат импорттық картоп сатып алуға мәжбүрміз. Оған дәлел, биылғы 4 айда картоп импорты былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 67 есе өссе, жыл басынан бері импорт бағасы 47 пайыз жоғарлаған. Осылай жоқ жерден өзіміз опық жеп отырмызз.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Өңірлік тұрақтандыру қорларына картоп жеткілікті көлемде сатып алынбады, сондай-ақ форвардтық сатып алу және «айналым схемасы» сияқты нарықтық тетіктер толық пайдаланылмады. Аймақтардың тұрақтандыру қорларында қазіргі уақытта картоп қоры іс жүзінде жоқ.

Қымбаттап тұрған картоп қана емес. Өзге де көкөніс пен тауар түрлерінің бағасы шарықтап бара жатқаны осы аптадағы өзекті ақпараттардың бірі болды. Тіпті, картоп көп айтылса да, осы күні ең қатты қымбаттап тұрғаны сәбіз екен. Өйткені, жыл басынан бері елдегі сәбіз қоры 211 мың тоннадан 40 мың тоннаға азайып кеткен. Өңірлердегі тұрақтандыру қорлары да ертерек қам қылмаса керек, оларда қалғаны 258 тонна.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны біз Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүрміз. Бұл ретте Өзбекстанда сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-тен астам өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ  тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталуда.

Картоп-сәбізден бөлек, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар өзге де азық-түлік бағасы 6,3% өскен. Ең көбі Түркістан облысы мен елордада және Алматыда байқалып отыр. 

Сәбіз биыл 45, картоп 38 жарым, күнбағыс майы шамамен 17 пайыз қымбаттаған. Пияз шамамен 11, қант 9, қарақұмық бағасы 7 жарым пайыз артыпты. Барлығы да былтырдан бері тоқтаусыз өсіп келеді. Ұн, нан, ет, сүт, айран, жұмыртқаларыңыз да 2-5 пайыз аралығында бағасын өсірген. Тек күріш қана екі жыл қатарынан елеулі арзандапты.

Кеше ғана Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров картоп бағасының өсуіне делдалдар мен супермаркеттерді кінәлаған еді. Бүгін әріптесі Бақыт Сұлтанов сол министрліктің бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасының іс-шараларын орындамай отырғанын айтып салды. Оған қоса, өңірлік әкімдіктер де бағаны ұстай алмай отыр. Сондықтан қазіргі ең тиімді шара ретінде жедел түрде өңірлердегі тұрақтандыру қорларының көлемін арттыруды ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде