{metadescription}
Исаев тұрғындары 10 жыл бойы жол азабын тартып отыр – Алматы
Исаев тұрғындары 10 жыл бойы жол азабын тартып отыр – Алматы

Исаев тұрғындары 10 жыл бойы жол азабын тартып отыр – Алматы

Алматы іргесіндегі Исаев ауылының тұрғындары шулап жатыр. Елдімекеннің құрылғанына 10 жылдан асса да, әлі күнге дейін жол азабын тартып отыр. Олар шұрық-шұрық, шаңы аспанға шығып жатқан көшелерде жүру мүмкін емес деп ашынды. 

Аауыл орталығындағы көшеге тек қиыршық тас төгілген. Әбден титықтатқан мәселеге қатысты бұқараның базынасын тілшіміз тыңдап қайтты. Исаев ауылы Қарасай ауданындағы ең үлкен ауылдың бірі. Мұнда 11 жылда 7 мыңға таяу отбасы көшіп келген. Содан бері тұрғындар арызын арқалап талай табалдырықты тоздырғанымен, әлі күнге дейін жол төсеткізе алмай келеді. Айтуларынша, қара жолдың кесірінен ауыл ішінде қозғалыс күннен-күнге қиындаған.

Анар Қадырбаева, Исаев ауылының тұрғыны:

- Екі көшенің бетін, мектептің айналасын салды. Басқа жақты қашан? «Сіздерге тас салады, асфальт жоқ» деді. Негізінде Тоқаев мырзадан 25 шақырым асфальт төселсін деген, ақша бөлініп, нұсқау шыққан. Бала-шаға өсіп келе жатыр. Мектепке барады, екі аяқ-киіммен барады. Бір маусымда  қанша аяқ-киім тоздырады, есептей беріңіз. Мына жерде тротуар жоқ қой, бала-шаға қалай жүреді? Арбамен қалай жүреді? Мектепке қалай барады? Кім жауап береді?

Ауылдп басы ауырып, балтыры сыздағандарға жедел жәрдем көлігі де жете алмайды. Қалаға такси мен автобустардың да қатынауы мұң. Осылайша жұртшылық жаз бойы жол жасалмаса, күзде қайта батпаққа батамыз деп отыр.

Жеті мыңға жуық тұрғыны бар елдімекеннің жолына тас төселмек түгілі, шұңқырлары ешқашан тегістелмепті. Жаңбыр жауса ми батпаққа аяналып, күн жылыда шаңы аспанға шығып жатады. Автокөліктеріміз де тозып бітті деп ашынып отыр.

Аманжол Талғатбек, Исаев ауылының тұрғыны:

- Бізде жол жоқ, жол жаман. Сондықтан машинадан пайда жоқ. Көліктің бәрі қирап, талқандалып жатыр. Білесіз ғой, жол жоқ болғаннан кейін. Сондықтан бізге автобус жүргізсе, мына жолымызды салып  берсе. Бізге тегін тамақ бер, азық бер деп сұрап отырған ешкім жоқ.

Үйлердің арасында жол деген аты болғанымен, заты жоқ. Кей көшелерге қиыршық тас қана төселген. Сөйтіп істі аяқсыз қалдырған жауаптылар жұртшылыққа барға қанағат тұтуларын талап етіпті. Жақында ауылға бас имам болып тағайындалған Марат Бекешов та  мешітке велосипедпен қатынап жүр.  

Марат Бекешов, Исаев ауылының имамы:

Великпен, кейде жаяу жүремін. Ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстым. Абылайхан, Алатау, Бұхар жырау көшелерін араладық, тас төгілген, бірақ жол жоқ. Алатау көшесіне тас төгілмеген. Халықтың атынан сөйлеп тұрмын, осы жолымызды жасап берсе деген өтінішіміз бар.

Әбден қажыған қараша облыс және аудан әкімдігіне талай мәрте шағымданыпты. Бірақ қордаланған мәселені шешуге шенділер асықпаған. Бұл ауылдық округте әкімдердің ауысуы да жиілеп кеткен. Бүгін халық арасынан табылған әкімнің міндетін атқарушы да жарытып жауап бере алмады.

Біржан Белқожаев, Елтай ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы:

- Елтай ауыл округінде 9 ауыл елдімекен бар. Тоғыз ауылдың 2021 жылға үш ауылдың үш көшесіне ғана ақша бөлінді. Міне, осы биыл жасалады. Ол Елтай ауылында Тәжібай көшесі. Қонаев көшесі, Жармұханбет ауылында, Көкөзек ауылында Байтерек көшесі. Сол үш көше биыл жасалады. Ал Исаев көшесі жоспарынан хабарым жоқ.

Осылайша өзге ауылдарды тізіп шыққан шенеунік Исаевқа жол салу әзірге жоспарда жоқ екенін кесіп айтты. Ал әбден зәрезап болған ауыл тұрғындары арыздарын арқалап Бас прокуратураға дейін барамыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.