Елімізде темір жол саласына білікті мамандар жетіспейді
Машақатынан қашатын мамандықтар! Қазақстанда темір жол саласына білікті мамандар жетіспейді. Арнайы оқу орнын аяқтап дипломы қолына тигенімен, темір жолда түйгенін тәжірибесімен ұштастырғысы келетін түлектер санаулы ғана. Оған себеп те көп. Вагон саласының жілігін шағып майын ішуге машықтанған Арман Сәдуақасовтың қолына дипломы жақында тиеді. Теміржолшылар династиясын жалғастырамын деген студент өмір жолын темір жолымен байланыстырады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
11.06.2021
Арман Сәдуақасов, студент:
- Әке-шешем де осы мамандық бойынша жұмыс істеп, қазір ол кісілер зейнетке шыққан. Әке-шешемнің жолын қуып осы мамандықты, осы университетті таңдадым. Кейбіреуі оқу орнын өзі таңдап түспейді де, сол себепті жұмыс істегісі келмеуі мүмкін.
Армандай бұл саламен арман-мақсатын байланыстыратын жастардың аз болуы білім ордаларының да басын қатырып отыр. Елде темір жол мамандарын дайындайтын екі университет бар. Бірі – дауы әлі басылмай тұрған Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы. Екіншісі – Қазақ қатынас жолдары университеті. 15 мамандық бойынша студент тәрбиелейтін университет ұстаздар жастардың мамандығымен жұмыс істеп кетуі шешілмей тұрған түйін дейді.
Амангелді Омаров, Қазақ қатынас жолдары университетінің ректоры:
- Көп жағдайда жетіспейтіндер: энергетик, автоматик телемеханигі. Барлық маманның жұмыс істейтін жері ашық дала.Үкімет қазір грант беріп жатыр. Сол грантты пайдалану керек. Көбісі ауылдан келген балалар. Олар ауылдан келген, қайтадан ауылға кетеді, жұмыс істейді. Өседі. Оқып жүрген балалардың көбісінің әке-шешесі, ағасы темір жолдарда тұрады.
Білікті ұстаздар білімді түлектің бағын ашудың басты жолы – теміржолға қатысы бар мекемелердің жастарды беттен қақпай, белін бууда деп біледі. Өйткені әлеуметтік жағдай көбіне жақсы маманның тұрлау таппауына түрткі болары сөзсіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!