Студент шәкіртақысы өсіріліп, абитуриенттерге грант арттырылады
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Магистратура мен докторантурада оқитындарды да осындай жағымды жаңалық күтіп тұр. Биылғы абитуриенттерге бөлінетін грант саны да артылады.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.06.2021
Бакалаврда оқитындар қыркүйектен бастап 31 мың теңгеден астам шәкіртақы алады. Магистратурада оқитындардың шәкіртақысы биыл 15 пайызға арттырылады. Жаңа оқу жылында оларға 76 мың теңгеден астам төленеді. Ал докторанттардың шәкіртақысы соңғы екі жылда 82 пайызға көтерілген. Биыл 150 мың теңгеден 172 мыңға тағы өсіріледі.
Биылғы абитуриенттерге де оң өзгеріс бар. Жаңа оқу жылында оларға грант саны 5 мыңға арттырылады.
Жылда бұл уақытта мектеп түлектері ҰБТ-ға дайындалып жататын. Ал осы күні түлектердің емтихан 96 пайызы тапсырып болған.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- 2025 жылға дейін жыл сайын бөлінетін грант санын 75 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Биыл грант саны 5 мыңға арттырылады. Осыған дейін бакалаврға жыл сайын 51 мың бөліп отырсақ, биыл 56 мың грант беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!