{metadescription}
Самокат мінгендерге ереже қатаңдатылуы мүмкін
Самокат мінгендерге ереже қатаңдатылуы мүмкін

Самокат мінгендерге ереже қатаңдатылуы мүмкін

Қазақстанда самокат мінгендерге қатысты ереже қатаңдатылуы мүмкін. Бүгін ішкі істер министрі хабарлағандай, электр самокат трассаларда жүрмеуге тиіс, полиция олардың жаяу жүргіншілер жолындағы қозғалысына да тыйым салмақ. Қазір осы мақсатта арнайы комиссия құрылған.

Қолданыстағы заңда самокат көлік ретінде саналмайды. Ал мұндай мәртебеге ие болу үшін екі дөңгелекті қозғалыс құралына тиісті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін сертификат керек. Яғни сенімді тежегіш жүйесі, габаритті шамы, артқы көріністі бақылайтын айна орнатылуы шарт. Самокат мінгендер міндетті түрде қорғаныш бас киімін киіп, құлаққапсыз жүруге міндеттелуі мүмкін. Ережеге бағынбағанды жазалауға ұсыныстар түсіпті. Қазір министрлік веложолдар және тротуарларда электр самокатпен жүруді шектеу үшін басқа елдердің тәжірбиесін зерттеп көруде. Жылдамдық бойынша да өзгерістер енгізіледі.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Самокат иелерінің кінәсімен жол-көлік оқиғалары орын алуда. Сегіз адам жарақат алды. Электр самокаттары жаяу жүргіншілер жолымен, адамдар жүретін жерлерде жүреді, балаларға қауіпті. Өйткені аталған техника жылдам жүреді. Ал олардың жылдамдық мәселесі біздің елде реттелмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.