I сыныпқа цифрлық сауаттылық пәні оқытылады
Жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушылары информатика пәнін оқи бастайды. Бірақ ол информатика емес, цифрлық сауаттылық деп аталады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі балалар алгоритмика әліпбиі мен киберқауіпсіздік, ақпараттық гигиенадан ерте бастан хабадар болуы тиіс.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.06.2021
Информатика пәнін оқитын сыныптар саны жыл сайын арттырылып келеді. 2010 жылы информатика тек 7-сыныптан бастап оқытылса, кейін 5-сыныпқа дейін түсірілді. Сөйтіп 4, 3 сыныптардың бағдарламасына дейін енгізілді. Қыркүйектен бастап балалар цифрлық сауаттылық пәнімен бірінші сыныптан бастап танысады. Информатика пәнінен сабақты алып тастау немесе сағатын қысқарту туралы әңгіме жоқ. Министрдің айтуынша, цифрландыру заманында бұл логикалық тұрғыдан түсінікті жағдай. Өйткені сарапшылардың пайымынша, цифрлық сауаттылық бүгінде есеп пен жазу сынды негізгі дағдыға айналуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!