{metadescription}
Биыл қанша бала суицид жасап, қаншасы көз жұмды
Биыл қанша бала суицид жасап, қаншасы көз жұмды

Биыл қанша бала суицид жасап, қаншасы көз жұмды

Биыл Қазақстанда 248 жасөспірім өзіне қол салуға әрекет жасаған. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы бүгін ішкі істер министрлігі жариялады. 164 бала аман қалса, 84-і көз жұмған.  

Елдегі балалар суицидінің әрбір үшіншісі отбасындағы жанжалмен байланысты. Полицейлер жалғыздықтан жабыққан, достарымен қарым-қатынасын үзген жасөсіпірімдердің өмірімен қош айтысқанын айтады. Министрлік кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету көбейгеніне алаңдаулы. Олардың мәліметінше, қылмыстардың жартысына жуығы жыныстық қолсұғушылық. Мұндай айуандыққа елде енгізілген карантин шектеулерінің әсері тиген, яғни адамдардың үйде ұзақ оқшаулануы, оқушылардың қашықтан оқуы себеп болыпты. Ал қылмысты көбіне балалардың жақын адамдары жасаған.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

- Қылмыстардың 43,5 пайызы балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық. Олардың көбін бұрын полицияның бақылауына ілінбеген жақын адамдары жасаған. Көп жағдайда бұл қылмыстар жасырын қалады. Өйткені баланың жақындары мұның жария болғанын қаламайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.