{metadescription}
Асхат Аймағамбетов QazVac вакцинасына шүбә келтіргендерге жауап берді
Асхат Аймағамбетов QazVac вакцинасына шүбә келтіргендерге жауап берді

Асхат Аймағамбетов QazVac вакцинасына шүбә келтіргендерге жауап берді

Отандастарымыздың жетістігі шетелде мойындалмайынша, өз елімізде оған күмән келтіруді қою керек. Білім және ғылым министрі отандық вакцинаның тиімділігіне шүбә келтірген қоғамдық ұйым өкілдеріне жауап берді.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ғылыми дәлелдердің жариялануы тек уақыт еншісіндегі шаруа.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Менің ойымша, әңгіме бұл жерде арнайы ғылыми журналдарда жариялануына келіп тіреліп тұрған сияқты. Бұл жерде ескеретін жайттар бар. Алдымен, вакцинаның екінші фазасы сәуір айында ғана аяқталды. Одан соң бүкіл статистикалық деректерін жинақтап, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына бердік. Онсыз халықаралық ғылыми журналдарға шығу қиын.

Одан соң ғалымдарымыз бүкіл мәліметті ағылшын тілінде мақала жазып, беделді халықаралық ғылыми журналға жіберген. Қазір рецензиядан өтіп жатыр екен. Министрдің айтуынша, рецензенттердің көпшілігі мақұлдапты. Сөйтіп мақала жақын уақытта жарық көруі керек. Тағы екі мақала жоспарланып отыр.

Апта басында Medsupportkz қоғамдық ұйымының жас ғалымдары қазақстандық вакцинаға күмән келтірген.  QazVac-тың құрамындағы формальдегидке алаңдап, тиімділігі өндірушілер айтқандай 96 пайыз емес, 70 пайызға да жетпейді деді. Оның үстіне ғылыми дәлелдердің жарияланбай отырғанын да желеу еткен. Ал министр Аймағамбетов өз ғалымдарымыздың жетістігіне күмән келтірмей, қайта онымен мақтану керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде