{metadescription}
Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік түрі небәрі 19 екен
Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік түрі небәрі 19 екен

Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік түрі небәрі 19 екен

Елдегі әлеуметтік маңызы бар тауар тізімі жеткіліксіз! Сенат депутаттары бүгін ауыл шаруашылығы министрлігіне оны кеңейтуге кеңес берді. Себебі: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі 2011 жылдан бері өзгертілмепті.

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:

Мемлекет реттейтін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің тізіміне Ресейде 24, Беларусь Республикасында 28 түрі енгізілген. Ал Қазақстанда бар болғаны 19. Бізде бұл тізімде ет, көкөніс, жарманың кейбір түрі жоқ. Ал жеміс-жидек пен балалар тағамы тіпті енгізілмеген.  

Оның үстіне елімізде қой мен жылқы етінің бағасы мүлдем қадағаланбайды екен. Ал баға болса күннен-күнге өсіп жатыр. Елдегі жалпы ішкі өнімнің 45 пайызын ауыл шаруашылығы өнімі құрағанымен, ет бойынша импорт экспортқа қарағанда 8 есе көп. Яғни шетелдік өнім басым. Сенаторлар бұл мәселені де реттеп отыруды ұсынды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі әлеуметтік маңызы бар тауар тізімін кеңейтуде жан-жақты талдау жүргізу керек деген жауаппен құтылды. Ал картоп қымбатшылығын министр Сапархан Омаров адамдардың тәбетімен байланыстырып отыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Қазір нарықта картоп жоқ емес, бар. Былтырғы картоп астананың базарларыда 200 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ адамдар жаңа шығып жатқан картопты алғысы келеді. Жаңа шығып жатқан картоп қазір Өзбекстан, Қырғызстаннан жеткізіліп жатыр, бағасы ,әрине, жоғары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.