{metadescription}
Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы 10 жылға сотталды
Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы 10 жылға сотталды

Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы 10 жылға сотталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтің туған ағасына үкім шықты. Тимуржан Нұрымбетовтің   44 миллион пара алғаны дәлелденіп, 10 жылға түрмеге жабылды. Ол інісі басқарған ведомстваның Жамбыл облысындағы басқармасына жетекшілік еткен

Нұрымбетовке пара алу, алаяқтық жасау және қызмет бабын асыра пайдалану айып тағылған. Ол былтыр төрт сыбайласымен бірге қамауға алынған. Сот процесі он айға созылып, оның 44 миллион жымқырғаны расталды. Осылайша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үлестіру басқармасының бұрынғы басшысы мемлекетке 54 миллион шығын келтірген. Енді ол 10 жылға түрмеге қамалып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Бар дүние-мүлкі тәркеленеді.

Нұрымбетовтің сыбайластары да жазасыз қалмады. Басқарманың бұрынғы екі қызметкері және жеке кәсіпкер мен үкіметтік емес ұйымның жетекшісі де түрмеге қамалды. Төртеуіне 5-8 жыл аралағында үкім кесілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде