{metadescription}
Көлік «Бурабайға қош келдің» жазуын жайпап өткен
Көлік «Бурабайға қош келдің» жазуын жайпап өткен

Көлік «Бурабайға қош келдің» жазуын жайпап өткен

«Бурабайға қош келдің» деген жазуды жайпап өткен жүргізуші 5 миллион теңге төлеуі мүмкін. Себебі: қаланың кіреберісіндегі алып әріптер бюджет қаржысынан.  

Жол апаты  кешқұрым болған. Бес адам мінген  Skoda көлігі   айналма жолда келе жатып тізгінге ие бола алмай, бар екпінімен «Бурабайға қош келдіңіз» деген жазуды жапырып өтіпті. Үлкен әріптердің күл-паршасы шыққан. Бұл жазулар курортты аймақтағы  айналма жол ортасына өткен жылы қойылған. Қала әкімі отқа жанбайтын, төзімді материал бюджеттің  5 миллион теңгесіне тапсырыспен орнатылған деп отыр. Жол апатының себеп-салдары тексеріліп жатыр.

Серік Баймұқанов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

Жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Көлігінің дөңгелегі сол сәтте жарылып кеткен. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 35 жастағы азаматқа жол жүру ережесін бұзу, техника мен өзге де мүліктің бүлінуіне әкеліп соғу бабымен іс тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде