Елордалық кәсіпкерлер Ashyq қосымшасынан шығарылады
Елордалық кәсіпкерлер Ashyq қосымшасынан шығарылады. Санитарлық талапты өрескел бұзған 250 нысан айыппұл арқалап қана қоймай, жұмыс уақыты да 22:00-ге дейін шектеледі. Ал бұған дейін келушілерді түнгі екіге дейін қабылдай беретін.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.06.2021
Еркебұлан Сүйінтаев, Есіл ауданы әкімі аппаратының бас маманы:
- Мейрамханалар екі талапты бұзса екі айға шығарылады. Бір рет бұзса, екі аптаға шығарылады. Ashyq-тан шығарылған кезде жәй күндері түнгі 22:00-ге жұмыс істейді, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салынады. Бизнес нысандары санитарлық нормаларды бұзған жағдайда Ashyq-тан шығарылады.
Ashyq-пен жұмыс істеп заңға бағынбағандардың ісі Кәсіпкерлер палатасына жолданған. Олар тексеріп, бір шешімін шығаруы тиіс.
Жыл басынан бері бір ғана Нұр-Сұлтанның Есіл ауданында карантин шектеулерін пысқырмағандарға 20 миллион теңге айыппұл салыныпты. Қосымшадан кей мекемелер шығып қалып жатса, еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жолаушылар вокзалдарында енді Ashyq бар. Азаматтар eGov mobile, екінші деңгейлі банктердің қосымшасын пайдаланып, нысандардың кіреберісіндегі күзетке көрсетуі керек. Егер «сары», «қызыл» түсті мәртебе шыққан жағдайда қоғамдық орынға келуші жіберілмейді.
Ескерту: Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы алдын ала кезекке тұру қызметі сол күйі қала береді.
Дархан Көпжасарұлы, Халыққа қызмет көрсету орталығының Есіл ауданы бөлімінің бас маманы:
- Қазір броньмен және броньсыз қабылдап жатырмыз. Себебі, қаулы ауысқаннан кейін көп халық броньсыз қабылдайтынын білмейді. Түсіндіріп жатырмыз.Бронь бар кезде қызмет алушылардың көптігінен бөлек, күніне 400, 500 қызмет көрсетілді. Ashyq пайда болғалы, қызмет саны бірқалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!