COVID-19: 7 мыңнан аса науқас емделіп жатыр
Елімізде эпидахуал тұрақталып, ауру жұқтырғандар саны мыңнан төмен түсе бастады. Соңғы тәулікте дерт 967 адамнан анықталған. Ал «сары» аймақта тұрған Алматы қаласы «жасылға» ойысты. Десе де Нұр-Сұлтан үш айдан бері қауіпті деңгейден әлі шыға алмай жатыр. «Қызыл» аймақта тек елорда қалды.
Автор: Салтанат Шырынхан
14.06.2021
Нұр-Сұлтан қаласында бір күнде 215 тұрғын ауру жұқтырған. Ал 165 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетіп, Қарағанды қаласы екінші орында тұр. Жалпы елде коронавирустан соңғы тәулікте 11 науқас ажал құшты. Республикада ауруханада ем қабылдап жатқан 7 мыңнан аса адам бар. Оның 512-сінің халі ауыр болса, 70-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қауіптің «сары» деңгейінде Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қалды. Ал өзге өңірлер «жасыл» жолақта. Елімізде КВИ жұқтырғандар саны 402 мыңнан асып, 378 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!