{metadescription}
Семей іргесіндегі Жарқын ауылы қоқыс полигонына айналған
Семей іргесіндегі Жарқын ауылы қоқыс полигонына айналған

Семей іргесіндегі Жарқын ауылы қоқыс полигонына айналған

Семей іргесіндегі Жарқын ауылының төңірегі қоқыс төгетін полигонға айналды. Тіпті арасында мал мен ит-мысықтың өлекселері де жатыр. Күн ыстықта иістеніп, тынысымызды тарылтты дейді тұрғындар. Жиналған жұрт әкім-қаралардан полигон мен өлексе өртейтін орын салып беруді талап етуде.

Семейдің қақ іргесінде тұрған Жарқын ауылы. Шаһарға небәрі жеті шақырым жерде орналасқан. Қазір елдімекеннің қос қанаты тұрмыстық қалдық төгетін полигонға айналған.  Малдың өлексесіне дейін жатыр.

Ауыл тұрғындары тұрмыс  қалдықтарын бірнеше жылдан бері осы жерге төгеді. Одан қалса шаһардан қоқыс тастап кететіндердің қатары қалың. Күн ысып жел тұрса жұрт қолқаны қабатын жағымсыз иіске тұншығамыз дейді.  

Бибігүл Рамазанқызы, Жарқын ауылының тұрғыны:

- Бұл қоқыс аймағы бірнеше жылдан бері жиналып қалған. Сондықтан біз техника сұраймыз. Оның барлығын бір жерге жинау қажет. Пакеттер ұшып кетеді.Ал оны мал жейді.

Полигонда қоқыстан бөлек мал өлекселері де жатыр. Сондықтан бұл жер жабайы аң-құстар мен иттердің мекеніне айналған.

Ғабдулманап Түсіп, Жарқын ауылының тұрғыны:

- Бұрыннан қалған шұңқыр бар. Соған тастайды. Одан қалса қоқыстың арасына тастайды. Одан ауру тарайды ғой. Жаздың күні шіриді, сасиды. Ит жейді, мысық жейді.

Арнайы сенбілік өткізіп тұрамыз деген жергілікті әкімдік алдағы уақытта қоқыс полигонын басқа жерге көшіру жайын қарастырып жатқанын айтады. Оған тиісті құжаттар рәсімделіп, қазынадан қаражат қарастырылып жатыр екен.

Болатбек Жұмаділов, Приречный ауылдық округінің әкімі:

- Сметамыз дайын. Экономика бөліміне өтініш берілді. Ол тез арада шешіледі деп ойлаймыз. Екі полигон бар. Біреуі Жарқын ауылының алдында. Екіншісі ауылдың арт жағында. Ол жерде үлкен ой бар. Соның бәрін сол жаққа апарып үйейік деп отырмыз.

Шенеуніктер өлексе өртейтін орын салуға смета құжаттарын әзірлеп жатқанын жеткізді. Бірақ атқамінерлер бұл жұмыстаың нақты қашан жүзеге асырылатынын дөп басып айта алмайды. Өйткені тұрмыстық қалдық төгетін полигон мен төрт-түлік өлексесін өртейтін орын әзірлеуге ауыл округінің  шамасы жетпейді. Сондықтан олар Семей қаласының әкімдігіне алақан жайып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде