{metadescription}
Құрық тұрғындары төрт түлігіміз кәріз суын ішіп жүр деп шулап отыр
Құрық тұрғындары төрт түлігіміз кәріз суын ішіп жүр деп шулап отыр

Құрық тұрғындары төрт түлігіміз кәріз суын ішіп жүр деп шулап отыр

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғындары төрт түлігіміз кәріз суын ішіп жүр деп дабыл қағуда. Айтуларынша ауылдан шыққан лас судың бәрі екі-үш айдан бері тоғанға жиналып қалған. Ал оның маңына мал жайылады екен.

Бекқали Мұханбетұлы, Құрық ауылының тұрғыны:

Сиырдың сүтін адам ішеді. Бұны ертең сойып жейміз. Соғым береді ғой. Біз сатып аламыз. Зияны көп. Қалай айтқанда да иісі бар. Жайылып жүрген мал ішеді. Тек мынау 1-2 сиыр шығар жүрген. Бүгін күн бұлт. Күн ыстықта мында мал үйіледі.  

Тұрғындардың тынысын тарылтқан кәріз суы Құрық ауылындағы аурухана мен саябақтың ортасында жатыр. Каспий теңізінен 200 метр қашықта жиналған. Иісі қолқаны қабатын қалдық былтыр да болыпты. Бірақ ауыл тұрғындарының шағымынан кейін тазаланған. Биыл да дер кезінде сорғызып тасмаса, ауыз суға араласып кете ме деп алаңдайды жергілікті жұрт. Ал аудан әкімдігі кәріз суының сыртқа ағуына темір-терсек жинайтындар кінәлі дейді.  

Сымбат Төретаев, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары:

- Ауыл ішінде азаматтардың металлолом қазатын жігіттер құбырдың жиегінен металл қазамыз деп трактормен келіп, жаңағы кәріз жүйесіне кетіп жатқан құбырды зақымдап кеткен. Оның бетін көміп тегістеп кеткен. Зақымдалған жерін кесіп алып, жаңадан құбыр жалғап, сол жерді қалыпқа келтіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде