Ақтөбеде автобус жүргізушілері жаппай жұмыстан шығып жатыр
Ақтөбеде жолаушылар қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүр. Өйткені қолма-қол ақшадан қағылған автобус жүргізушілері жаппай жұмыстан шығып жатыр. Соның кесірінен қала ішіндегі қоғамдық көлік қатынасының уақыты бұзылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.06.2021
- Бір аптадай болды. Осындай автобус келмейді. Отырмыз күтіп.
- №16 бағыттағы автобусты күттім. біір сағат күттім осы жерде. Енді бүгін екінші рет соны күтіп тұрмын. Құдай біледі.
Ақтөбенің аялдамаларында сарыла көлік күткендер көп. Бұрын автобус әрі кетсе 15-20 минутқа кешігетін. Қазір қоғамдық көліктің қай уақытта келіп, қай уақытта жүретінін ешкім айта алмайды. Картамен төлем жасауға көшкелі тұрғындар осындай қиындыққа тап болған. Өйткені бұрынғыдай тапқан пайдасының жартысы қалтасында қалатын автобус жүргізушілері жұмыстан бас тартып жатыр. Ал жолақы енді тасымалға жауапты мекеменің есеп-шотына түсіп, жүргізушілерге тек айлық беріледі. Осыған қатысты кондукторлар мен жүргізушілер бірнеше рет наразылыққа да шықты. Ақыры дегені болмаған соң басқа жұмысқа ауысуды жөн деп шешкен. Енді мердігер мен әкімдіктегілер көлік қатынасын жөнге келтіру үшін жұмысшылар іздеп жатыр.
Әділбек Танкеев, «Жол қазғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сандық технологиялар» мемлекеттік мекемесінің директоры:
- Ірі мұнай кен орындарында жаңа жүргізушілерді жұмысқа тартып жатырмыз. Кейбір азаматтар сонда кетіп жатыр. Қазір Ақтөбе қаласында автобус жүргізушілері жетіспей жатыр. Кондуктор мен жүргізушілерге тікелей ақша түспейтін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!