Теміржол вокзалына азаматтар тек Ashyq арқылы кіргізіледі
Пойызға билет алмас бұрын «Ашыққа» кіріп, мәртебеңізді біліп алыңыз. Себебі: осы аптадан барлық теміржол вокзалына азаматтар осы қосымша арқылы ғана кіргізіледі. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, «қызыл» және «сары» мәртебесіндегілерге билет қайтарудың да ережесі бекітілді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
15.06.2021
Енді «Ашық» қосымшасының көмегімен вокзалға шығарып салушы мен күтіп алушы да кіре алады. Ал «қызыл», не «сары» мәртебесіндегілер вокзалға жіберілмейді. Ол азаматтарға билет құнының тек 50 пайызы қайтарылады. Ал бір тәулік бұрын вокзалға кіруге рұқсаты жоқ екенін білгендер билетін сол сәтте қайтарса, ақшасын толық алады. Оның үстіне мамандар билетті онлайн алуға кеңес береді, себебі, кері қайтарған жағдайда ақшаңыз сол сәтте түседі. Ал кассадан билет алғандар ақшасын кері қайтарғысы келсе, біраз күтуіне тура келеді.
Батырхан Әбдікәрім, Нұрлы жол вокзал кешенінің менеджері:
- Санитарлық дәрігердің шығарған қаулысы бойынша 18 жасқа дейінгі балалар өткізіле береді.Смартфоны немесе «Ашық» қосымшасы жоқ жолаушылар вокзалға келетін болса онда ол кісілер өздерінің ЖСН біздің қызметкерлерге көрсетсе болғаны. Тексеріп, мәртебесін айтып береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!