«Ауди» ортасынан қақ бөлініп, екі жаққа ұшып кетті – Ақмола облысы
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жеңіл көлік ортасынан қақ айрылды. Оқыс оқиға Степногор-Бестөбе бағытындағы тасжолда болған. 25 жолаушы мінген автобус Audi көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан жарақат алған сегіз адам ауруханаға жеткізілді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.06.2021
Жолаушылар автобусы Бестөбеден шыққан. Ауыр соққыдан автобустың кабинасы майысып, жолдан шығып кетіпті. Ал «Ауди» көлігі ортасынан қақ бөлініп, екі жаққа ұшып кеткен. 43 жастағы жүргізушінің бас сүйегі, желкесі жарақаттанып, құлағы жартылай жыртылған. Автобустағы жолаушылар да түрлі дене жарақатын алған. Полиция мен жедел жәрдем көмекке келіп, 8 адам Ақкөл ауданының ауруханасына жеткізді. Ауыр халдегі науқастардың арасында омыртқасы зақымданған жүкті әйел де бар.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Алдын ала белгілі болғанындай, қарсы бетке шығып кеткен. Жеті жолаушы мен жеңіл көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатын алды. Жол апатына байланысты тексеріс басталды. Қорытындысы дайын болған соң, процессуалдық шешім шығарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!