{metadescription}
Қорамда 4 оқушыны көлігімен мыжыған жүргізуші сотталды – Алматы облысы
Қорамда 4 оқушыны көлігімен мыжыған жүргізуші сотталды – Алматы облысы

Қорамда 4 оқушыны көлігімен мыжыған жүргізуші сотталды – Алматы облысы

Алматы облысында төрт бірдей оқушыны көлігімен таптап өткен жүргізушіге үкім шықты. Көлікті мас күйде тізгіндеп, екі өрімдей қыздың өліміне себепкер болған Әсет Демесіновті сот 10 жылға бас бостандығынан айырды.  

Айнұр Балтақай, Еңбекшіқазақ ауданы №2 ауданы сотының судьясы:

- Әсет Кенжебайұлы Демесінов ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағын үшін кінәлі деп табылып, көлік жүргізу құқынан өмір бойы айырып, 10 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сот үкімін тыңдауға қайтыс болған екі оқушы қыздың ата-анасы мен күдіктінің туыстары келді. Жол шетімен кетіп бара жатқан төрт қызды көлігімен жапырып өткен жүргізуші кінәсін мойындап, соттан жазасын жеңілдетуді сұраған. Судья келіспеді. 10 жыл арқалаған Демесіновпен қоса, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған мектеп директоры мен жергілікті полиция инспекторына да шара қолданылады.

Сұмдық жайт Қорам ауылында 2-наурызда болған. Удай мас жүргізуші мектептен қайтып келе жатқан төрт оқушы қызды көлігімен таптап өтті. «УАЗ» автокөлігі жаншып өткен қыздардың екеуі сол күйі есін жиған жоқ. Марқұм екі қыз ұзақ уақыт жасанды аппарат көмегімен тыныстап жатты. Екеуінің жасы небәрі сегіз бен тоғызда. Ал аман қалған екі қыздың жағдайы қазір жақсы. Төрт қыз да сыныптас. 54 жастағы Демесінов полицейлерге берген жауабында сол күні әдетінен көбірек арақ ішіп қойғанын айтып ақталған еді. Баласынан айырылған қос ата-ана да сот үкіміне риза емес. Олар көлікке арақ ішіп мінген жүргізушіні өмір бақи бас бостандығынан айыру қажет деп санайды.

Мика Садирова, қайтыс болған қыздың анасы:

- Әйелі қазір бізді балағаттап жатыр. «Мен сені үйтем, мен сені бүйтем» деп. Шаңыраққа қара дегендей. Сондай сөздер айтып кетті. Бізді қарғап жатыр. Мерзімі аз деп ойлаймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде