Алматыда жаңа ПТР зертхана ашылды
Алматыда тағы бір ПТР зертхана ашылды. Ол орталық клиникалық ауруханада орналасқан. Зертханада күніне 100 адамның коронавирусқа тапсырған тестін тексеруді жоспарлап отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
16.06.2021
Фарида Әуелбекова, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ зертхана диагностика бөлімінің меңгерушісі:
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тіркелген азаматтар тегін, ал өзге тұрғындар ақылы тест тапсыра алады. Зертхана Еуропада шығарылған медициналық құрылғылармен қамтылған. Сондықтан сынама қорытындысы тез әрі дәл шығады.
Мамандар COVID-19-ға тапсырылған сынама қорытындысын сол күні шығарып береді. Зертханада жалпы саны төрт адам жұмыс істейді. Коронавирусқа тексерілетін жаңа орын халықаралық аккредитациядан өткен. Оны ашуға орталық клиникалық аурухана ұжымы жарты жыл дайындалыпты. Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Мәселен, тест тапсыруға келетіндерге бөлек есік қарастырылған. Зертхана медицина қызметкерлері күні қарсаңында ашылған. Жалпы пандемиямен күресуден бөлек, мұнда күн сайын түрлі күрделі оталар жасалып келеді.
Қайрат Кәрібаев, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ кардиоорталығының жетекшісі:
- Күрделі оталар, мысалы стендтеу жылына 500-дей. Ал үлкен оталар, жүрек артериясын шунттау 250-дей. Кардиостимулятор қою жылына 100-дей. Өлім-жітім өте аз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!