{metadescription}
Алакөлге неге билет жоқ?
Алакөлге неге билет жоқ?

Алакөлге неге билет жоқ?

«Алып-сатарлардың қатысы жоқ!» «Қазақстан темір жолы» Алакөл бағытына билет тапшылығын арадағы делдалдардан көрмейді. Дей тұрғанмен, нақты себебін де ашып айтпады. Демалысын көл жағасында өткізгісі келген, бірақ тас-талқаны шыққан автомобиль жолымен жүргісі келмейтін жұртшылық көбейген соң, ҚТЖ мәселенің тігісін өзінше жатқызғысы келген сыңайлы.

Маусым басынан бері 123 мың билет Алакөл бағытына сатылымға түсе сала, оның 76 мыңы көз ілеспес жылдамдықпен сатылып кеткен. Мәселен, Алматы-Алакөл бағытына алдағы 45 күнге деп есептелген 55 мың билеттің 44 мыңы қазірдің өзінде жоқ.

Нұр-Сұлтаннан келетін пойызда да осындай жағдай. Есеп бойынша тәулігіне Алакөлге 3500 демалушы темір жолмен жетуі тиіс. Алайда пойыздар қазір тек 2360 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Сол себепті 18-маусымнан бастап қосымша екі пойыз шойын жолға шығып, жалпы орын саны 852-ге артылады. «Қазақстан темір жолы» билет тапшылығын білгенмен, бұған алыпсатарлардың тікелей қатысы бары ресми расталмағанын алға тартады. Ал заңсыз билет сатып алу фактісін білгендер құзырлы органға хабар берсін деп кеңес берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.